Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтауы туралы ЖАДЫНАМА

Мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп нормаларын сақтауы туралы ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент)  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету, әдепсіз мінез-құлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің беделі мен қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту бағытында жадынама әзірленді.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтау жөніндегі жадынама мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынастағы әдеп нормалары, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынас мәдениеті, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық талаптары, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдар, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға жол бермеу және лудоманияның алдын алу мәселелері қамтылған.