Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 15 қазан күні сағат 15:30-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401).
Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің мәселелері мен оның сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы:
· «Медицина және мәдениет саласы мамандарының тұрғын үй мәселесін
шешу бойынша өңірлік бағдарлама әзірлеу туралы»;
· «Бала және ананы қорғау бағытындағы медициналық қызметтердің қолжетімділігі».
2. Ішуге жарамды судың сапасын бақылау және оның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы:
· «Коммуналдық тарифтер мен қызмет сапасы арасындағы сәйкестікті талдау»;
· «Су және жылу есептегіш құралдарының орнатылу деңгейін тексеру».
3. Ақтау қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.
4. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы.
Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401.
ҚК төрағасы С. Карипов