VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының жиырма төртінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ
VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы 2025 жылы 6 қазан күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 4 қабат).
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары жөніндегі есебі туралы.
2. Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы.
3. Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
4. Р.Қалекеновке жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскеcін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты оны мәжбүрлеп иеліктен шығару шарттарының жобасы туралы.
Мәслихат төрағасы С.Т. Закенов