Меню
Страницы

Ақтау қалалық мәслихатының сессиясын шақыру туралы

. VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының жиырма екінші сессиясының

МӘСЕЛЕЛЕРІ

VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті  жиырма екінші сессиясы 2025 жылы 23 мамыр күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан,    №72 үй, 4 қабат).

Сессияның қарауына келесі  мәселелер  ұсынылады:

1. 2024 жылға арналған Ақтау қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

2. 2024 жылға арналған Өмірзақ ауылы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы.

4. 2024 жылы атқарған жұмысы жөніндегі қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.

5. Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/19 «Қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №10/59 Ақтау қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Мәслихат төрағасы         С.Т.Закенов                                                                                                  

                                      

                 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты