Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген Президент қазақстандықтар әрқашан тазалық пен тәртіпті сақтауға назар аударуы керек екенін атап өтті.
"Былтырдан бері елімізде "Таза Қазақстан" акциясы жүріп жатыр, жалпыұлттық жоба жұртшылықтың кең қолдауына ие болды.Қазір дала жылынып, адамдар сенбіліктер ұйымдастырады, айналасын тазалайды- бұл өте қажет нәрсе. Жоғарыда айтқанымдай, "Таза Қазақстан" - бұл жай науқан емес, ол әрбір азаматтың және біздің халқымыздың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Аудандық мәслихат депутаттары аудан тұрғындарына аумақты абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша жарияланған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуға және шетте қалмауға өтініш жасайды. Туған жеріміздің жайлылығы мен әдемілігі- бұл біздің ортақ ісіміз. Абаттандыру бойынша жұмыстар, тек халықтың қолдауымен, барша тұрғындар, мекемелер мен кәсіпорындар өз аулалары мен үй маңдарын,елді мекендерін тәртіпке келтіруге жұмыла кірісіп, үлес қосқан жағдайда ғана көзге көрінерліктей нәтиже әкелмек. Осы жұмыстарға тек бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар мен оқушылар ғана қатысып қана қоймай, жеке кәсіпорындардың да ат салысқандары дұрыс. Өз аумақтарындағы қоқыстарды жинап, газондарды тазалау көп еңбекті кажет етпейді. Бүгінде, ауданымызда үлкен жұмыс басталған. Бюджеттен абаттандыру жұмыстары мен өзге де сұрақтарды шешуге қаражат сұрау үшін, бізге алдын ала жұмыстарын жасауымыз керек. Өз округтерінде бұл жұмысты облыстық және қалалық мәслихат депутаттары басқару керек. Әрқайсымыз өзіне: ауылым үшін, қалам үшін не істедім деген сұрақ қою керек.
Қыс кезінде біршама қоқыс жиналған, сол үшін бірнеше сенбілікпен толастауға болмайды. Біз, санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстарына барша тұрғындардың кіріскенін қалаймыз ғой ? Ертең біз сеніммен, ауылымыз бен қаламыз ең әдемі, таза, көркем деп айта алу үшін, әрқайсымыз өз ұжымында, көшесінде, үйінде осы сұрақты көтеру қажет. Осы ретте тек жинау жұмыстарын жүргізу аз, екпелер отырғызуға көмектесіп, газондар мен гүлзарларды бөлу жұмыстарына қатысу керек.
Әр кәсіпкерге өз ғимаратының кіре берісіне назар аударып, қасбеттеріне әдемі көмескі жарық орнатып,гүлзарларды бөлуге үндейміз. Жоғарыда айтылғандардың барлығын орындау өз қолымыздан келеді. Сөзді кейінге қойып, іске кірісейік !
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерді жиі пайдаланушыларға тазалық жөнінде талқылауды жақсы көрсе де, іспен дәлелдемейтіндерді белсенді көрсетуде көмек көрсетуді сұраймыз.
Біз тек қана тазалау мен абаттандыру жұмыстарына қатысуға шақырамыз. Міндет- әр адам өзі тұратын, жұмыс істейтін жерлерін тәртіпке келтіру. Осы жағдайда ғана біз қаламызда тазалықты орната аламыз. «Қала кішкентай бала сияқты: оны сүйгенде ғана өседі» деген қанатты сөз бар. Туған қаламыз, Мамлюткамызды жақсы көрейік. Қазіргі кезде алдын алу және түсіндіру шаралары жүргізілуде, әйтсе де алдын алу сұрақтары кейінге қалып, алдыңғыға әкімшілік жаза қолдану шаралары қойылып отыр. Қаланың және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін үлкен айыппұлдар қарастырылған 20 нан 100 АЕК. Үйімізге учаскелік полицейдің немесе санитарлық қызмет өкілдерінің есік қаққанын күтпейік. Тазалық жасауға одан азырақ қаражат кетірген жөн. Өзіміздің қоршаған ортаны таза және көркем етейік !