Қабылдау барысында ауылдық округ әкімінен түскен өтініштер қаралды. Атап айтқанда, Жеңіс саябағы аумағындағы ағаш түптерін қопарып, оларды шығару бойынша көмек көрсету мәселесі көтерілді. Аталған мәселе оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, тұрғындарға көң шығару бойынша көмек көрсету мәселесі де қозғалды. Бұрын мұндай жұмыстардың тұрақты түрде жүргізіліп келгені атап өтілді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, бақылауда болады.