Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде аудандық мәслихатта аудандық мәслихаттың төрағасы Ж.С.Кәрімованың төрағалығымен кезектен тыс сессия өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Т.С.Мамашәріпов Мамлютка қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ аудандық бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 14/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін айқындау және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/6 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровное ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/8 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Краснознаменский ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/11 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/12 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригородный ауылдық округінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Мамлют ауданы бойынша әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратпен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Р.Т. Омаров баяндама жасады.
Мамлютка қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.