Отырыс барысында Жол картасының орындалуы және қол жеткізілген нәтижелер, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобаларының іске асырылуы, депутаттық сауалдар бойынша жұмыс, сондай-ақ сайлаушылардың аманаттарының орындалу барысы және халық алдында есеп беру кестесін түсіндіру мәселелері қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, басым міндеттер айқындалды және депутаттық фракция қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алдағы шаралар белгіленді.