Ағымдағы жылдың 18 наурызы аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде аудандық мәслихат төрайымы Ж.С. Каримованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Анафина Д.А., Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Байкадамов А.Г., мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер шығарылды:
1. 2025 жылға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының іске асырылу қорытындылары туралы есеп.
2. 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Мамлют ауданында салық саясатын іске асыру туралы.
3. 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №50/3 «2026–2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
4. 2026 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Мамлют ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келгендерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласының бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген (түзету)» қала құрылысы жобасын бекіту туралы.
Бірінші мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Сайпенова Р.К. баяндама жасады.
Салық саясатын іске асыру туралы ақпаратты Мамлют ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің басшысы Тихонова Н.В. ұсынды.
Аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурмуканов С.А. баяндады.
Қала құрылысы жобасын бекіту мәселесі бойынша құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Панченко С.Ю. сөз сөйлеп, бас жоспарды түзетудің негіздері мен қажеттілігі туралы депутаттарды хабардар етті.