Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау
Аудандық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясының аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауымен бірлесіп, Андреевка және Бостандық ауылдарында азаматтарды қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Түскен барлық өтініштер тіркеліп, депутаттық бақылауға алынды. Әрбір мәселе бойынша тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолданып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.