Қалалық стадионды жарықтандыру мәселесі оң шешімін тапты!

Қалалық стадионды жарықтандыру мәселесі оң шешімін тапты!
Қала тұрғындары кешкі уақытта стадионды тұрақты жарықтандыру қажеттілігі жөнінде бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Жарықтың жиі сөніп қалуы спортпен шұғылданатын азаматтарға қолайсыздық туғызған.
Бүгін Мамлют ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысында бұл мәселе аудан әкімінің орынбасары Мамашарипов Т.С., спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорының қатысуымен қаралды.
Отырыс нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты.
Азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануға, жұмыстан немесе оқудан кейін спортпен айналысуға ұмтылысы қуантады. Мұндай бастамаларға қолдау көрсету – біздің ортақ міндетіміз. Осындай қарапайым қадамдар тұрғындардың өмірін жайлы етіп, бұқаралық спорттың дамуына жол ашады.