Бүгін "AMANAT" партиясы аудандық филиалының депутаттық фракциясының басшысы А. Д. Сағитованың төрағалығымен депутаттық фракцияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына "AMANAT" партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ж. М. Асанов, аудан әкімі Е. Ф. Степаненко, аудандық мәслихат төрағасы Ж. С. Кәрімова қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе Мамлют ауданы әкімінің 2025 жылғы 5 айдағы Мамлют ауданы бойынша жол картасы пункттерін орындау жөніндегі баяндамасы болды.