Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Фейсбук платформасы арқылы тікелей эфирде аудандық мәслихат төрағасы Ж.С. Кәрімованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Т.С. Мамашәріпов, Солтүстік Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Т. К. Тұрсынов, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және БАҚ қатысты.
Депутаттардың қарауына енгізілетін негізгі мәселе - 2024 жылы Мамлют ауданы , Мамлютка қаласы және 11 ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы мәселе болды.
2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.С.Семыкин сөз сөйледі. Мамлют ауданының 2024 жылғы жергілікті бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі бойынша СҚО Тексеру комиссиясының мүшесі Т. Қ.Тұрсынов, сондай - ақ аудандық мәслихаттың бюджет, халық шаруашылығы, экология салаларын реформалау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ. Ж. Бекенов баяндама жасап, бюджеттерді бекіту туралы ұсыныс жасады.
Сондай-ақ келесі мәселелер қаралды :
1. Мамлют ауданында жастар саясатын іске асыру барысы туралы.
2. Мамлют ауданының оқу орындарында білім беру бөлімінің тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының жұмысы туралы.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 41/2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Жастар саясатын іске асыру барысы туралы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы М. К. Бекчентаева сөз сөйледі.
Мамлют ауданының оқу орындарында білім беру бөлімінің тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының жұмысы туралы Мамлют ауданының білім бөлімінің жалпы орта білім беру жөніндегі бас маманы У. А. Жұмабаева депутаттарға есеп берді. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.С. Семыкин хабардар етті. Барлық қарастырылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.