2022 жылдың 1 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 9:00-де Атырау қаласы, Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында,Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен Атырау облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттары депуттаттарының жиналысы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру қағидаларын бекіту туралы" №912 Жарлығына сәйкес,Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселесі қаралып, Атырау облысының әкімі лауазымына Шәпкенов Серік Жамбылұлының кандидатурасына келісім берілді.