ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін, 15 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы Азамат Шаңғалаев және мәслихат депутаты Әділбек Нұрманов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға келген Айболат Қапақов пен Амантай Кенжешов қураған ағаштарды кесу және жаңа көшеттер отырғызу алдында жерді алдын ала дайындап алып отырғызу қажеттілігін көтерді.
Сонымен қатар, қоршалған зираттарға кірме жол салу, Жеңіс саябағы алаңындағы ойын алаңшасын жарықтандыру және абаттандыру мәселелері қаралды. Жол мен құрылыс сапасына қатысты да ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қабылдау барысында кейбір мәселелер өз шешімін тапты. Ал жол, құрылыс және абаттандыруға қатысты түйткілдер бойынша алдағы уақытта кент әкімдігі мен тиісті сала мамандарының қатысуымен қайта кездесу жоспарланды.