Құрметті ару аналар, қадірменді қыз-келіншектер!
Сіздерді 8 наурыз - шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесімен аудандық мәслихат депутаттары атынан құттықтаймын!
Әйел – ана, әйел – өмір бастауы, әйел – бірлік пен тірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы, отбасының шуағы.
Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуы мен өркендеуінде, билік пен бизнесте парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямай еңбектеніп жүрген әйел аналар аз емес.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, ел игілігі, халық мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!
Аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев