
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен Махамбет аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты атынан құттықтаймын!
Шаттыққа толы осы күндер Қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мерекелер!
Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.
Кең байтақ жердің қасиетті даласында, алтын күн шапағаты аясында бейбіт өмірді ұрпаққа аманат еткен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің, Отан қорғаушылардың ерліктері мен еңбектерінің арқасында тыныш, алаңсыз өмір сүрудеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы мәңгі шуақ шашатын болады.
Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Сондықтан да, кейінгі ұрпақ олардың ерлігін, батылдығын әрдайым есінен шығармай, бейбіт те жасампаз еңбекпен Егеменді Қазақстанды көркейтіп, жоғары биіктерге көтере берсін!
Бір-біріне ұласқан осы қасиетті де қастерлі мерекелер қарсаңында барша аудан тұрғындарына шын жүректен зор денсаулық, ырыс-құт, береке, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!
Құрметпен,
аудандық мәслихат төрағасы К.Мажиев