Ағымдағы жылдың 4 мамырында Қостанай қаласында Қостанай облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен шахматтан «Сенат Оpеn» 2-ші ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті. Қаламыздан қалалық мәслихаттың депутаты А. Кан, «Бизнес-пресс-Лисаковск» газетінің журналисі О.Поливода және мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы А.Алимжанова қатысты.
Шахмат турнирі швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрды. Қатысушыларымызға лайықты ойын мен жақсы нәтижелері үшін алғыс айтамыз. Іріктеу турының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері арасында О.Поливода құрметті 1-орынға ие болды.
Енді Олег Михайлович Көкшетауда өтетін ашық чемпионаттың жартылай финалына қатысады. Іске сәт!