Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

        Бүгін бюджетті нақтылау бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. 

         С.Ерофеева бюджетті нақтылау жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы ағымдағы трансферттер сомасының өзгеруіне, 2024 жылдың қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықты бөлуге және бірінші кезектегі мәселелерді шешу үшін үнемдеу қаражатын қайта бөлуге байланысты екенін түсіндірді.

        Қаражатты бөлудің жалпы сомасы 378 986,6 мың теңгені құрайды. 360 439,9 мың теңге сомасының көп бөлігі ТКШ бөліміне бағытталды, бұл ЭКСПО айналмасын жайластыруды аяқтау бойынша жұмысты жалғастыруға, қаланың орамішілік жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге, тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеттеріне күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ абаттандыру және халықтың тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шараларға мүмкіндік береді.

        Қалған сома мемлекеттік органдар арасында Парус-ҚАЗ бағдарламасына қызмет көрсетуге бөлінді.  

       Депутаттар берілген өзгерістерді бір ауыздан қолдады.