Дөңгелек үстел отырысына қатысу

Дөңгелек үстел отырысына қатысу

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Лисаковск қаласының әкімі Абай Ыбыраевтың төрағалығымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел отырысына Қоғамдық кеңес мүшелері, Лисаков қалалық мәслихатының депутаттары және Құрметті азаматтар қатысты.

Қала әкімі атап өткендей, осындай іс-шараларды өткізу арқылы біз алдымызға халқымыздың тарихына енген оқиғаларды ұлықтау, жас ұрпаққа ХХ ғасырдың қасіретті беттерін еске түсіру міндетін қойып отырмыз.