«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел отырысы

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел отырысы

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде Лисаковск қаласының әкімі Абай Ыбыраевтың төрағалығымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел отырысына Лисаков қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және Құрметті азаматтар қатысты.

Қала әкімі атап өткендей, осындай іс-шараларды өткізу арқылы біз алдымызға халқымыздың тарихына енген оқиғаларды ұлықтау, жас ұрпаққа ХХ ғасырдың қасіретті беттерін еске түсіру міндетін қойып отырмыз.