«Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші!»

«Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші!»

2022 жылғы 20 қазанда «Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші!» жобасы аясында «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ қызметкерлері лицей-мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Бұл жоба мемлекеттік қызмет институтын насихаттау, орта мектеп оқушыларының мемлекеттік органдардың міндеті туралы нақты түсінігін қалыптастыру және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді дамыту мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментімен іске қосылды.

Кездесу барысында қызметкерлер «мемлекеттік қызметші» мамандығы туралы, мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттері туралы, мемлекеттік қызметке түсу ережелері туралы түсіндірді.

Сондай-ақ оқушылар қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.

Осындай кездесулер бекітілген кестеге сәйкес қаламыздың басқа да мектептерінде өткізілетін болады.