Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

 19 наурыз күні Г.О. Шутаеваның төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне 6 мәселе шығарылды. Красногор ауылының бағыныстылығын өзгерту туралы әкім аппаратының басшысы Н.Н. Ким тыңдалды. Ауыл Қамысты ауданының аумағында орналасқандықтан ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтер алуға өз құқықтарын пайдалана алмайды. Ауыл тұрғындары конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі мен мәслихаты Қостанай облысының әкімдігі мен мәслихатына Красногор ауылының бағынысын Лисаков қаласының әкімшілік бағынысынан шығарып, Қамысты ауданының әкімшілік бағынысына енгізіп өзгерту туралы бірлескен ұсыныс енгізді.

Содан кейін депутаттар «Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының м.а. С. Ерофеева Лисаков қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне ұсынған өзгерістерді бірауыздан бекітті. Бюджетті нақтылау облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының өзгеруіне, сондай-ақ қаражатты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қайта бөлуге байланысты. 5601,0 мың теңге сомасындағы қаражат жалға берілетін тұрғын үй-жайлар етіп  «Мирас» МО ғимаратының бір бөлігін қайта құру» жобасына мемлекеттік сараптама жүргізіп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталды.

         Сонымен қатар, депутаттар ведомствоаралық мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамына өзгерістерді келісті.