Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесі Қоғамдық тыңдауларының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесі Қоғамдық тыңдауларының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесі Қоғамдық тыңдауларының

                              ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ № 7

Лисаков қаласы                                                                             2021 жылғы 9 наурыз

ZOOM конференциясы

 Қоғамдық тыңдаулар Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 35 шешімімен тағайындалды.

Қоғамдық тыңдаулардың тақырыбы: Қостанай облысын UTC + 5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстыру туралы Лисаков қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізудің қорытындылары туралы.

 

Төрағалық еткен:

Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы              Шаврин Ю.Ф.

Қатысқандар:

52 адам (тізім қоса беріледі).

 

 

 Күн тәртібі:

         Қостанай облысын UTC + 5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстыру туралы Лисаков қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізудің қорытындылары туралы.

 (күн тәртібі бір ауыздан қабылданды).

Ю. Шаврин – Қоғамдық кеңес төрағасы:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы негізінде Қостанай облысын UTC + 5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстырудың орындылығы мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіп жатырмыз.

 Қоғамдық тыңдауларға: Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың құрметті азаматтары, қаланың белсенді азаматтары, БАҚ өкілдері қатысады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, барлық карантиндік шараларды сақтау мақсатында қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасында қашықтықтан форматында өткізіп жатырмыз.

Үкіметтің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 қаулысымен жыл сайынғы жазғы және қысқы уақытқа ауысу жойылды. Халықтың наразылығы 2004-2005 жылдары қабылданған кейбір шешімдермен реформа барысында да, бірнеше жыл өткеннен кейін де байқалады.

Қоғамдық кеңеске Қостанай облыстық мәслихатынан объективті тұрғыдан қарау және халықтың пікірін есепке алу мақсатында Қостанай облысын UTC + 5 географиялық уақыт белдеуіне ауыстырудың орындылығы мәселесі бойынша қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы 2021 жылғы 9 ақпандағы № 55 хат келіп түсті.

Т. Кубрак – Қоғамдық кеңес мүшесі:

Мынадай жұмыс тәртібін ұсынамын:

Әуелі алдын ала жазылғандарға сөз беріледі.

Олар сөз сөйлегеннен кейін әр тілек білдірушіге бес минутке дейін сөз сөйлеуге мүмкіндік беріледі.

Сөз сөйлеуге тілек білдірушілер сөз сөйлеудің алдында микрофонды қосып, сөз сөйлеп, одан кейін оны үзіп тастауы тиіс.

Сөз сөйлегендер өз ұсыныстарын ғана білдірулері тиіс. Талқылау болмайды.

Әдеп сақтау қажет, бірінші кезекте қоғамдық тыңдаулардың барлық қатысушылары қарапайым әдептілік таныту керек.

Регламент сақталмаған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні тоқтатуға құқылы.

Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, қалалық мәслихат депутаттарымен мәселені қоғамдық тыңдауларға дайындау бойынша алдын ала жұмыс жүргізілді:

- шағын аудандар бойынша халық арасында сауалнама жүргізілді;

- әлеуметтік желілерде Google платформасында онлайн сауалнама ұйымдастырылды;

- бұқаралық ақпарат құралдарында сауалнама парақтары жарияланды;

- «Акцент» телеарнасымен бұл мәселе бойынша репортаж жүргізілді;

- ауыл округтерінде жергілікті қоғамдастық жиналыстары өтті;

-  қаланың кәсіпорындары бойынша хаттар жіберілді.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ:

И. Пахомов – қалалық мәслихат депутаты, КБКБ жұмысшылары кәсіподағының төрағасы:

Қостанай облысында уақытты бір сағатқа артқа аудару КБКБ кен байыту кәсіпорнының өндіріс айналымы үшін  кәсіпорынның жұмысына әсер етеді. КБКБ Павлодар Алюминий зауыты үшін шикізат базасы болып табылады. Өйткені КБКБ ERG тобының құрамына кіретін «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады. «Алюминий Казахстана» АҚ аумақтық бас кәсіпорны Паводар қаласында, ал ERG тобының бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, бүгінгі күнге біз барлығымыз барлық өндірістік үдеріс (коммуникациялар) айқын реттелген бір уақыт белдеуіндеміз.  Қостанай облысында уақыт бір сағатқа артқа аударылса КБКБ жұмыс тәртібі өзгереді, ал «Алюминий Казахстана» АҚ бас кәсіпорны мен ERG тобының бас кеңсесі бұрынғы тәртіпте жұмыс істейді. Қостанай облысында уақытты бір сағатқа артқа аудару күн тәртібін өзгертуді білдіреді, біздің әріптестеріміздің жұмыс күні, түскі үзілісі мен жұмыс күнінің соңы бір сағатқа ерте басталады, барлық коммуникациялар бұзулады. КБКБ кәсіпорны жұмысшыларының көп бөлігінің пікірін есепке алып уақытты ауыстырмауды ұсынамын.

Г. Шутаева – қалалық мәслихат депутаты, «Лисаковқалакоммунэнерго» ШБК МКК жоспарлық-экономикалық бөлімінің бастығы:

2004 жылдың қазанынан бастап, 16 жылдан артық біздің облыстың халқы UTC +6 әкімшілік уағыт белдеуінде тұрады. 2004 жылдың қазанынан бастап біз бұрынғыдай уақытты қысқы-жазғыға ауыстырмаймыз. Яғни біз «жазғы уақытта» қалып қойдық деп айтуға болады, қараша-желтоқсан, қаңтар-ақпан-наурыз бес қысқы айда (10 күн) біз уақытты қысқы уақытқа ауыстырмаймыз. Қаламыздың көп адамдары осы уақытқа үйреніп қалғанын мойындаумыз керек.

1993 жылдан 2005 жылға дейін туған балаларымыз бүгінгі уақыт белдеуінде өсті. Бүгінгі күні 16 жасқа толған балалар туралы айтып тұрмын.  Біз осы уақытқа үйреніп қалғанымызды тағы да қайталаймын.

Бүгінгі уақыт белдеуі жазғы уақыт (сәуір-мамыр-маусым-шілде-тамыз-қыркүйек-қазан) 7 жазғы ай үшін қолайлы, өйткені күндізгі жарық көп. Уақыт бір сағатқа артқа ауысқанда күндізгі жарық бір сағатқа қысқарады. Лисаков қаласы көп тұрғындарының саябақ аумағы бар, уақыттың ауысуы оларға кері әсерін тигізеді, зейнеткерлер емес жұмыс істейтін адамдар туралы айтамын. Әсіресе әр күн сайын 8 сағаттан жұмыс істейтіндерге кері әсерін тигізеді.

Мысалы, біздің кәсіпорынды қарастырайық. Бізде жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін. Саябақта өткізетін уақыт сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін (ұзақтығы 4 сағат). 22.00 сағ. бастап қараңғы түседі.

Уақытты бір сағатқа ауыстырған жағдайда жұмыс уақыты бізде сағат 9.00-де басталып, 18.00-де аяқталады. Саябақта өткізетін уақыт сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін (ұзақтығы 2 сағат), яғни ұзақтығы бойынша 2 сағатқа кем, күндізгі уақыт 2 сағатқа қысқарады, бұл біздің саябақшыларға теріс әсер етеді, саябақшылардың мүдделеріне зиян келтіреді. Бұл менің пікірім.

 М. Сушко - «Бизнес-Пресс Лисаковск» газетінің редакторы:

Қайырлы күн құрметті тыңдауларға қатысушылар, ұсынылған сөз үшін рахмет, мен текке жазылған жоқпын. Бұл мәселені көптен бері зерттеп келемін. Маған және қоршаған жүйеге жағымсыз әсер етуін сеземін. Біз кабинеттерде ілулі тұрған сағаттар бойынша емес, биологиялық сағат бойынша өмір сүруіміз керек екендігіне зейін аударғым келеді. Біз биологиялық сағат бойынша синхрондауға тиіспіз. Қазір биологиялық сағатпен біздің айырмашылығымыз 1 сағат 46 минут. Қарапайым тілмен түсіндіргім келеді: егер біз таңғы сағат 7-00-де оянсақ, біздің биологиялық сағат таңғы сағат 5-00-ді көрсетеді, бұл уақытта біздің ағзамыз әлі ұйықтап жатады, зат алмасу процесі кідіреді. Неге біздің балалар үшін таңғы сағат 7-00-де ояну қиын, неге мұғалімдер бақылау жұмыстарын бірінші сабаққа қоймайды? Өйткені балалар әлі ұйықтап жатады, ойлау процестері әлі қосылмайды, өйткені әлі күн шыққан жоқ. Біздің биологиялық сағаттар географиялық сағатқа сәйкес жұмыс істеуі керек.

Бұрын Қазақстанда 4 уақыт белдеуі болған, сосын оларды 2 белдеуге дейін қысқартты, бірақ біздің Қостанай облысының 95% UTC + 4 уақыт белдеуінде болуы тиіс, қазір біз UTC + 6 белдеуіндеміз, айырмашылық - екі сағат. География институтының ғалымдары бұл онкологиялық ауруларының, жүрек-қан тамырлары ауруларының, диабеттің дамуына соқтыратының дәлелдеді. Саябақшылар нешеде қайтатыны маңызды емес, біз аурулардың өсуін сеземіз. Біздің уақыт белдеуіміз Қылылорда облысымен бір, Қызылорда облысы 2018 жылы өз уақыт белдеуін қайтарды. Біз астанамен үйлеспейміз деген пікір бар, бірақ мысалы банктік операциялардың тәулік бойы жұмыс істеуіне болады. Ең бастысы біз географиялық уақыт белдеуіне сәйкес өмір сүруіміз керек, біз бұрын UTC + 5 болғанда солай өмір сүрдік. Біз ол туралы ұмытып кеттік, біз күндізгі уақытты қысқартпаймыз, біз тәңертең дұрыс оянамыз, бұл сергектік қуатын береді, адамдардың белсенділігін дамытатын кортизол гормоны дұрыс машықтанады, ал бұл күннің шығуына байланысты. Біз жыл мезгілдерінің толқындары, ауысуы үшін дауыс бере алмаймыз, бұл ғылыми үдеріс және ол халықтың дауыс беруін талап етпейді, бұл ғалымдармен дәлелденген, біз кәсіпорындар мен саябақшыларға қолайлы уақыт бойынша емес географиялық белдеуге сәйкес өмір сүруіміз керек.

Е. Бурдыка - Лисаков қаласы білім бөлімінің басшысы:

Қайырлы күн Қоғамдық тыңдаулар қатысушылары! Мен мұғалімдер көпшілігінің атынан  қазіргі уақыт белдеуінде қалуымыз керек деген пікірін айтқым келеді, өйткені біздің оқушылар мектеп жасына дейінгі кезден бастап біз өмір сүріп жатқан уақытқа бейімделген. Мен Гүлнар Омарқызының сөздерін қолдағым келеді, 16 жастан бастап осы уақыт белдеуінде мектепке дейінгі ұйымға барған және одан әрі жалпы білім беретін мектепте оқуын жалғастырған біздің балаларымыз баяғыда-ақ бейімделді. Олар бүгінде біз оқитын жағдайларда оқиды. Бұл жағдай, бұл уақыт белдеуі жұмыс істейтін  мұғалімдерге де  оқушыларға да таныс. Тағы бір еске салатын жәйт  бар,  біздің барлық мектептер екі ауысымда жұмыс істейді. Қыс мезгілінде ата-аналардан сұрақтар жиі туындайды, біз 2, 4, 5 және 7 сынып оқушыларын екінші ауысымда олардың оқу жүктемесі аз болғандықтан және олар қараңғы түскенге дейін ертерек үйге бару керек болғандықтан шығарамыз. Сағатты аудару арқылы  біздің кішкентай балаларымыз кеш, қараңғыда  үйге оралуы керек. Таңертең біз балаларды ерте  мектепке жібереміз, қараңғы болса да  мектепке барған кезде қозғалыс бар, ата-аналар жұмысқа барады, балалармен бірге жүреді, кешке қарағанда көшеде адам көп, біз ата-аналар үшін белгілі бір қолайсыздықтар ғана емес, сонымен қатар балалар үшін қауіптер де бар екенін түсінеміз. Максим Юрьевич қазір айтқан жазбаша жұмыстарға келетін болсақ, қазір мұндай проблема жоқ, өйткені біз ұзақ уақыт бойы БЖБ және ТЖБ деп аталатын бөлім мен тоқсан үшін жиынтық бағалау бойынша жұмыс істеп келеміз. Мұнда біз енді сабақтың ретіне, бірінші немесе соңғы сабаққа бейімделмейміз. Кеңес құрамында педагогтар да бар, олар бұл жұмыстардың  білім Министрлігі бекіткен санында бір  тоқсан бұрын алдын ала жасалатын  кесте бойынша болатындығын айта алады. Жазбаша жұмыстар күніне үштен көп емес кестеге сәйкес өткізіледі, сондықтан мұнда бірінші сабаққа  математикадан жазбаша жұмыс жоспарланса, онда ешкім бұдан бас тартпайды. Бұрын мұндай талаптар ескі санитарлық нормалар мен ережелерде болған, қазір мұндай талаптар жоқ, сондықтан олар  дұрыс болмауы мүмкін, бірақ бар. Біз әлі де қазіргі уақыт белдеуінде қалуымыз керек деген оймен келісеміз және қолдаймыз, өйткені бүгінде бұл балалардың психикасында және т.б. кері әсер етпейді. Бірақ біз қыста және көктемде сағатты аударған кезде, балалар үшін жағымсыз салдарлар мен стресстер бар, олар бір ояну  уақытына, содан кейін екіншісіне үйренгенде  бұл ұйқының бұзылуына әкеледі. Қазіргі уақыт белдеуінде қалу керек деген  пікірдеміз, рақмет.

Б. Хайрат-қалалық мәслихат депутаты, КБКБ әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестіруші:

Мен бүгін қалалық мәслихат депутаты ретінде емес, қазақ күресінен жаттықтырушы ретінде сөз сөйлегім келеді. Білесіз бе, мен бос уақытымда жаттығуларға қатысып, кішкентай балаларды жаттықтырамын. Олар бізге сағат 6-00-ден 17.30-ға дейін келеді. Сондай-ақ, балалар сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін бізде оқиды. Уақытты аудару кезінде біз осындай мәселелерді кездестіреміз. Біздің балалар жаттығудан өте кеш шығады, қыста далада  қараңғы болады. Сіздер білесіздер, балалар көптеген спорт үйірмелеріне қатысады. Бір Максим Сушконың пікірі маңызды емес, ол тілші, ол уақыттың ауысқанын қалайды, бірақ айналаға қарау керек. Балалар жаттығады, сағат 17.30-да жаттығуға келеді, сағат 19.00-де кетеді, бұл қараңғы. Егер біз уақытты аударатын болсақ, онда балалар кейінірек жаттығудан шығады. Сондықтан барлық жаттықтырушылар  осы уақытты қалдырғысы келеді.

В. Кошелев - Қоғамдық кеңес мүшесі, Лисаков қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті:

Біздің әуесқой саябақшыларға қатысты  бір сағатқа ауыстыруға келетін болсақ, неге біз бір сағаттан кейін аудара алмаймыз, бізге не кедергі? Біздің «Урожайное» төрағалығы жұмысты бір сағатқа ұзартса мәселе шешіледі. Кәсіпорындарға келетін болсақ, бұл үлкен шығындарды талап ететін маңызды мәселе. Менің ойымша, бізге уақытты қалдыру керек. Біз қазірдің өзінде үйреніп қалдық, үйреншікті жолмен  барамыз. Бұл менің пікірім.

А. Каримов-Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны:

Сәлеметсіз бе, менің атым Каримов Азамат, біздің конференцияға қосылғандардың арасында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары бар ма екендігін білгім келді.

Т. Кубрак: Ата-ана ретінде, қаламыздың тұрғыны ретінде өз пікіріңізді білдіруіңізді өтінеміз.

А. Каримов: Залда отырғандардың арасында ғылыми сипаттағы мәселелерді қарауға уәкілетті кісілер, институт өкілдері бар ма? Егер бар болса, хабарлаңыз.

Т. Кубрак: Залда Қоғамдық кеңес мүшелері-өз уақытында қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары ұсынған әртүрлі ұжымдардың, халықтың әлеуметтік топтарының өкілдері қатысады, бұл қаланың белсенді тұрғындарының бір бөлігі. Ғалымдар-бұл басқа құрылымдар, олардың басқа функциялары бар, мұнда бізде ғалымдар жоқ.

А. Каримов: Мен түсінгедей, бұл мәселені шешуге уәкілетті адамдар жоқ?

Т. Кубрак:  Уәкілетті органдар тиісті министрліктерде. Әңгіме қазір шешім қабылдау туралы емес, Лисаков тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу туралы болып отыр. Бұл туралы сөйлесейік, ал құзыреттілік – бұл басқа мәселе, өз пікірімізді білдірейік.

А. Каримов: Мен Максим Сушконың пікіріне қосыламын, бұл тек ғылыми сипаттағы мәселе және онымен тек ғылыми институттар түріндегі уәкілетті органдар айналысуға құқылы. Бізге ресми жауап берілді, онда әкімшілік және географиялық уақыт арасындағы әлеуметтік айырмашылық адам ағзасына, ең алдымен балаларға кері әсер етеді, олардың денесі әлі күшті емес, әртүрлі ауруларды тудырады, бұл созылмалы шаршауды тудырады. Алғашқы сабақтарда бала мұғалімнің өзіне жеткізгісі келетін ақпаратты қабылдай алмайды. Балалар-біздің болашағымыз.

Екіншіден, саябақтар мәселесі көтерілді, оны қарастырмасақ болады, ШБК мәселесі – коммуникациялық мәселелер, энергиямен қамтамасыз ету мәселесі, біз электр энергиясын 2 сағат ерте қоса бастаймыз. Біз қыс-жаз мезгілін ауыстыруды талап етпейміз, облысымызды табиғи уақытқа қайтаруды талап етеміз. Бұл менің пікірім.

М. Сушко: Мен жақында Челябі облысында бір ай болдым және өзім туралы үлгі ретінде айтқым келеді. Олар UTC + 5 - те тұрады, таңертең маған ояну оңайырақ болды. Күн тиімдірек қолданылды, өйткені денем өз  уақыт белдеуінде оянды. Ойланудың қажеті жоқ, егер біз уақытты өзгертпесек, бәрі жақсы болады деп ойлаудың қажеті жоқ, жаман өмір сүруге дағдыланудың керек емес, жақсы жаққа үйрену әлдеқайда жағымды. Кешке жаттығудан оралған балаларға қамқорлық таңертең басталуы керек. Балалар таңертең ұйықтамайды, қараңғы болған кезде және кешке қараңғы болған кезде оралады.

Т. Кубрак: Мен қаралып отырған мәселе бойынша маған жүгінген тұрғындардың пікірі мен өз пікірімді айтқым келеді. Қостанай облысында қолданыстағы уақытты географиялық табиғи уақытпен үндестіру мәселесін талқылауға біздің қаламыздың көптеген тұрғындары қатысты, демек бұл өзекті және маңызды мәселе.

Мәселенің мәні өте қарапайым: адам күндізгі уақытта ояулы және қараңғыда толық ұйқтауға мүмкіндікке  ие болуы керек. Нашар ұйқы иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі, бұл маусымдық, вирустық ауруларға төзімділікті төмендетеді. Бірақ бұл әлі болжам. Көбісі үйреніп, ештенені өзгерткісі келмейді.

Дұрыс және объективті шешім қабылдау үшін үш шарт қажет деп санаймын: ғалымдардың қорытындысы, медициналық қоғамдастықтың негізделген пікірі және шешім қабылдауға уәкілетті шенеуніктердің ғалымдар мен дәрігерлердің пікіріне сүйене отырып, жалғыз дұрыс шешім қабылдауға деген ықыласы.

Көпшілік тыңдаулар өткізу арқылы халықтың пікірін зерделеу, әрине, өте маңызды, бірақ бұл бүкіл халық қатысқан референдум емес, тек халықтың бір бөлігінің, оның белсенді бөлігінің қоғамдық пікірін зерттеу.

16 жыл біз  өз табиғи уақытымызда өмір сүрмейміз, бұл өзіндік экспериментке ұқсайды. Мұны тоқтату керек, оның салдарын ғалымдарға, дәрігерлерге зерттеп, облыс тұрғындарының, біздің денсаулығымыздың мүдделерін ескере отырып, шешім қабылдайтын кез келді. Бұл менің жеке пікірім.        

         С. Шалдыбаева – Қоғамдық кеңес мүшесі, Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы:

Қайырлы күн құрметті қоғамдық тыңдауларға қатысушылар, Қостанай облысы өзінің уақыт белдеуінде емес және адамның биологиялық ырғағы уақыт белдеуіне сәйкес келуі тиіс деп ешкім айтпайтын шығар. Егер уақыт белдеулері туралы айтатын болсақ, бүгінде ғалымдардың пікірлері әртүрлі, уақыт белдеулері бойынша пікірлер әртүрлі, бұл біріншіден. Мен Татьяна Викторовнамен келісемін, мұнымен ғалымдар айналысып, дәлелдеп, ұсынулары керек.

Екіншіден, өкінішке орай Қостанай облысында сырқаттанушылықтың өсуі бойынша мысалдар келтірілуде. Осы мәселені зерделей отырып, мен аурулардың түрлері, облыстар бөлінісінде статистикасы сияқты деректерге назар аудардым, олар egov парақшаларында жалпыға қолжетімді (слайдтар қоса беріледі). 2018-2019 жылдардағы деректер өзінің уақыт белдеуіне сәйкес келетін облыстарды іріктеп алды, Қызылорда және Қостанай облыстарын қамтыды.

Аурулардың түрлері:

Миокард инфарктісі – аурушаңдықтың өсуі бойынша 2018 жылы алғашқы үштікте Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстары, 2019 жылы-Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Қатерлі ісіктер-2018 жылы бірінші орын Маңғыстау, екінші орын Қостанай, үшінші Қарағанды. 2019 жылы бірінші орынды Қостанай облысы, Екінші Қарағанды облысы және үшінші Ақтөбе облысы иеленді.

Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары-2018 жылы Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда облыстары көш бастап келеді. 2019 жылы-Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары.

Қант диабеті-2018 жылы Қарағанды, Қостанай және Қызылорда. 2019 жылы-Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

Жеті позиция бойынша Қарағанды облысында сырқаттанушылықтың өсуі, бес позиция бойынша – Ақтөбе және төрт позиция бойынша Қостанай облысында, біздің облыс сырқаттанушылықтың өсуі бойынша үшінші орында.

         Халық арасындағы суицидке қатысты: құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері бойынша 2019 жылы ең көп өсім Алматы облысында болды, екінші орында Шығыс Қазақстан облысы, үшінші орында-Түркістан облысы, төртінші орында – Қарағанды облысы, көшбасшы бестіктің соңында Алматы қаласы тұр.

Десинхронозға келетін болсақ, ағзадағы биоритмдердің теңгерімсіздігі күнделікті жұмыс кестесін өзгерткен кезде пайда болуы мүмкін, ал біздің кәсіпорындарда көптеген мамандар ауысыммен жұмыс істейді.

Сырқаттанушылықтың өсуі бойынша Қостанай облысы тек төрт позицияда ілгері тұр, өзіңіз көріп отырғандай. Өкінішке орай, мен сізден нақты деректерді естіген жоқпын, сіз бізде өсу бар деп айтасыз, бірақ статистика керісінше көрсетеді. Осылайша, аурудың өсуі уақыт белдеуінің сәйкес келмеуіне ғана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік себептерге байланысты. Ең алдымен денсаулықты бақылау керек, біздің қазіргі әлемде физикалық белсенділік қажет. Қазір балалар туралы айтылды, бірақ қазір балаларға таңғы азан ғана емес, смартфондар, компьютерлік ойындар әсер етеді, балалардың денсаулығына көптеген факторлар әсер етеді, сондықтан  денсаулыққа тек қана уақыт белдеуі әсер етеді деп айту керек емес. Бұл менің пікірім.

А. Каримов: Бізге ғалымдардың ресми жауабы берілді, сіз мұндай шешім қабылдауға құқығыңыз жоқ, неге пайдасыз пікірталасты жалғастырасыз? Сіз адамдардың митингке баруын қалайсыз ба? Әр ата-ана баласын қорғайды, енді олар не болып жатқанын түсіне бастайды.

         Т. Кубрак: Азамат, сіз біздің қаланың тұрғынысыз ба?

         А. Каримов: Анам  Лисаковта тұрады,ол аурады.

         Т. Кубрак:  бізде үлкен жұмыс атқарылды, онда әрбір тұрғын өз пікірін және негізділігін білдіріп, жай ғана өз дауысын бере алды. Қазір сөйлеудің қажеті жоқ шығар, біз қазір қорытынды жасап, азаматтардың пікірі қалай қалыптасқанын цифрлық деректерді жария еткіміз келеді, біз сіздің пікіріңізді құрметтейміз. Басқа кезеңдерде пікірталастар қажет болады. Қазір әр түрлі тараптардың өкілдері  қолдайтынын немесе  қарсы болғанын айтты

ТЫҢДАЛДЫ:  Лисаков қаласы тұрғындары арасында өткізілген сауалнама қорытындылары туралы .Е. Горбунова –  Қоғамдық кеңес хатшысының м.а.:

Қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары шағын аудандар бойынша қала тұрғындарына сауалнама жүргізді. Сауалнамалар сондай-ақ қала кәсіпорындарының («Өркен» ЖШС, «Алюминий Казахстана» АҚ КБРУ, «Арай-Холдинг» ЖШС, «Лисаковқалакоммунэнерго» МКК, «Уста плюс» ЖШС, хаттар мен сауалнама парақтары бар), мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының (Лисаков техникалық колледжі, қала мектептері), мәдениет, денсаулық сақтау, қала жастары және т.б. (сауалнама парақтары бар) қызметкерлері арасында жүргізілді.

Барлығы 6805 адам сұралды:

оның ішінде 509 адам уақытты ауыстырғанды «ҚОЛДАЙДЫ»,

«ҚАРСЫ» 5980 адам,

316 адам «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ».

Бұдан басқа, жергілікті «Лисаковская новь» және «Безнес-Пресс Лисаковск» газеттерінде сауалнама парақтары жарияланды (скриндер қоса беріледі). Қала тұрғындары сауалнамаға белсенді қатысып, қоғамдық кеңес үшін «Nur Otan «партиясының филиалына газеттердің толтырылған қиындыларын алып келді.

Газеттерден барлығы 91 үзінді келіп түсті, оның ішінде 63 адам уақытты «ҚОЛДАЙДЫ», 28 адам «ҚАРСЫ» деген пікір білдірді.

24 ақпанда «Акцент» телеарнасы қала тұрғындарына репортаж-сауалнама жүргізді (репортажға сілтеме - https://cloud.mail.ru/stock/i4UbebLppSTaq4rmxv4UGcHu) лисаковтықтар пікір таластырып, 7 сұралған адамныңішінде: 2-уі уақытты «ҚОЛДАЙДЫ», 2-уі «ҚАРСЫ», 3-уі «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» деген пікір білдірді.

Сондай-ақ Октябрь кенті мен Красногор ауылында жергілікті қоғамдастық жиындары өткізілді (хаттамалар қоса беріледі). Жергілікті қоғамдастықтың ұсынған хаттамаларына сәйкес барлығы 161 адам қатысты, оның ішінде: 20 адам уақытты ауыстыру үшін дауыс берді, 120 адам қарсы, 21 адам қалыс қалды.

ТЫҢДАЛДЫ:

Ю. Преснов – Қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық мәслихат депутаты:

22 ақпанда Google платформасы арқылы осы мәселені талқылау бойынша онлайн-сауалнама басталды (ақпарат қоса беріледі). Респонденттің Онлайн-бланкісінде үш сұрақ болды: жасы, елді мекені және  уақытты аудару туралы пікір. Онлайн дауыс беруде бір кемшілік бар, респондент бірнеше рет онлайн-сауалнамадан өтуі мүмкін екендігі туралы айта кету керек.

Онлайн-сауалнама нәтижелері бойынша 6519 жауап келіп түсті: оның ішінде 4500 адам уақытты ауыстыруды «ҚОЛДАЙДЫ», 1909 адам «ҚАРСЫ», 110 адам «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ».

Т. Кубрак: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері, бізге де дауыс беру қажет. Дауыс беру:

Уақытты аударуды «ҚОЛДАЙДЫ» - 4 адам,

«ҚАРСЫ» - 8 адам,

«ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - 1 адам.

Т. Кубрак: осы мәселе бойынша өз пікірін білдірген қалалық мәслихат депутаттарына, қаланың белсенді тұрғындарына алғыс айтқым келеді. Есептеген кезде барлық дауыстар ескеріледі.

Ұзақтығы 10 минутқа дейін үзіліс.

ТЫҢДАЛДЫ: Сауалнама қорытындылары туралы.

Е. Горбунова:

Қоғамдық кеңес мүшелерін есепке алғанда қатысушылардың барлығы - 13596 адам, оның ішінде 5098 адам уақытты ауыстыруды «ҚОЛДАЙДЫ» (37,5%), 8047 адам «ҚАРСЫ» (59,2%), 451 адам «ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» (3,3%).

Т. Кубрак: Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері біз мынадай шешім қабылдауымыз керек:

  1. Лисаков қаласы тұрғындарының пікірі назарға алынсын: уақытты аударуды 5098 адам қолдайды, уақытты аударуға 8047 адам қарсы, 451 адам қалыс қалды.
  2. Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың пікірін ескере отырып, көпшілік дауыспен Қостанай облысының UTC + 5 географиялық уақыт белдеуіне ауысуҒА «ҚАРСЫ» деген пікір айтылды.
  3. Хаттаманың көшірмесі Қостанай облыстық мәслихатына жолдансын.

Дауыс беру. (Шешім бірауыздан қабылданды).