Көшпелі тексеру

Көшпелі тексеру

       Депутаттардың есеп беру кездесуі барысында тұрғындардан 6-34 үйдің шатыр жайының қанағаттанғысыз жағдайына қатысты өтініш түсті. Өтініш берушілер қоқыстың жиналуына және санитарлық нормалардың бұзылуына («құстар зираты») назар аудартқан болатын.

       Депутаттық корпус қызмет көрсетуші ұйым өкілдерімен бірлесіп, шатырға көшпелі тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде биологиялық қалдықтардың (құс өлекселерінің) және қоқыстың бар екендігі туралы ақпарат расталмады. Үй-жай тиісті санитарлық жағдайда. Шатыр жабыны құрғақ, су аққан немесе сыз тартқан іздер анықталған жоқ. Желдеткіш тесіктері тормен қорғалған, құстардың шатырға кіруі шектелген, бөгде жануарлар жоқ. Қазіргі уақытта шатыр техникалық және санитарлық нормаларға толық сәйкес келеді.

       Мәселе жабылды. Тұрғындарға қырағылық танытқандары үшін алғыс айтамыз!