Октябрь кентінің тұрғындарымен ашық диалог

Октябрь кентінің тұрғындарымен ашық диалог

        Қалалық мәслихат депутаттары К.Х. Мухамадиева, А.В. Сенчев және А.Л. Кан есеп беру кездесулерінің графигін аяқтады. Қорытынды ашық диалог Октябрь кентінің тұрғындарымен өтті.

        Кездесу өте мазмұнды өтіп, кентке тән ең өзекті мәселелерді қамтыды. Жиын барысында жазғы уақыттағы ескі суару құбырларының тозуы және жаңа «ақылды» су есептегіштерін орнату мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тұрғынның газ желісіне қосылуға көмектесу туралы өтініші, қаңғыбас иттер мәселесі, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу мәселесі қаралды.

       Қосымша өтініштер арнайы ұсыныстар жәшігі арқылы да түсті.

       Учаскелік инспектор, полиция капитаны Д. Игымбердиев қатысушыларға қоғамдық қауіпсіздік шаралары мен алаяқтықтан қорғану жолдарын еске салды.

       Айтылған барлық ұсыныстар мен шағымдар жұмысқа алынды. Октябрь кентінің тұрғындарына белсенділік танытқаны және бейжай қарамағаны үшін алғыс айтамыз! Дәл осындай кері байланыс шынайы жағдайды көруге және кент пен қала өмірін жайлы етуге көмектеседі. Бірлескен жұмыс жалғасуда!