Есептік кездесулер қатары жалғасуда

Есептік кездесулер қатары жалғасуда

         Қалалық мәслихат депутаттары 4- шағын аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен қала инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады. Мәслихат төрағасы К. Мухамадиева мәслихат қызметі, тұрақты комиссиялардың жұмысы және Лисаков қаласының игілігіне бағытталған шешімдердің орындалуын бақылау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

           Кездесу барысында №11 және №9 сайлау округтері бойынша депутаттар — Д. Молдамуратова мен А. Аманның баяндамалары тыңдалды.

           Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Д. Рахметов жедел жағдай туралы баяндады. Бүгінгі таңда баршаға ортақ мәселеге айналған алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына ерекше назар аударылды.

           Жиын тек баяндамалармен шектелген жоқ. Тұрғындар өз сұрақтарын тікелей де, өтініштерге арналған жәшік арқылы да белсенді түрде қойды. Депутаттар әрбір сұраққа жауап берді, ал уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды.

            Жеке мәселелерін тар шеңберде талқылағысы келгендер үшін кездесу соңында жеке қабылдау өткізілді. Мұндай кездесулер — жұмыла жұмыс істей отырып, қаламызды жақсарта түсудің ең тиімді жолы!