Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

           Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе 2025 жылы мемлекеттік сектор мен бизнестегі халықтың әлеуметтік осал санаттарын жұмысқа орналастыру бойынша квоталардың орындалуына қатысты болды. Мансап орталығының мәліметіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жұмыс орындарын құру квоталары 100%-ға орындалды. Белгіленген квоталар аясында 6 адам жұмысқа орналастырылды. Қаланың мансап орталығы тұрақты түрде кеңес беру, жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдарлау қызметтерін көрсетті. Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар өткізілді.
          Екінші мәселе аясында депутаттар басқарушы компаниялардың өкілдерімен бірлесіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасын, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесін, көрсетілетін қызметтердің сапасын және компаниялардың тұрғындар алдындағы жауапкершілігін талқылады. Тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру, басқару субъектілерінің міндетті және уақтылы есептілігін қамтамасыз ету, әрбір үй бойынша бөлек қаржылық есепті енгізу, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауды күшейту, сондай-ақ электрондық дауыс беруді және онлайн-бухгалтерияны қоса алғанда, цифрлық құралдарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.