Шағын қабатты тұрғын үйлер мен 5, 7-шағын аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуі: тікелей диалог және өзекті мәселелерді шешу

Шағын қабатты тұрғын үйлер мен 5, 7-шағын аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуі: тікелей диалог және өзекті мәселелерді шешу

         Шағын қабатты тұрғын үйлер мен 5, 7-шағын аудандардың тұрғындарымен кездесу өтті. Қалалық мәслихат депутаттары К.Х. Мухамадиева, Г.У. Махамбетова, Д.А. Молдамуратова және Г.К. Найзабаева өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

         Ашық диалог барысында қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды: аула аумақтарын абаттандыру және тұрақ орындарының тапшылығы, жолдар мен жаяужолдарды жөндеу, ТҮКШ және қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысының сапасы, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық қауіпсіздік, балалар ойын алаңдарын орнату және күтіп ұстау.

Барлық түскен ұсыныстар мен ескертулер жұмыс барысына қабылданды.

         Сондай-ақ халық алдында Полиция бөлімінің криминалдық полиция жедел уәкілі, полиция майоры Е.А. Исмаганбетов сөз сөйледі. Ол интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, қаскөйлердің құрығына түспеудің практикалық кеңестерін берді.

         Тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтамыз! Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз қаламызды жақсырақ әрі жайлы ете аламыз.