
1, 2 және 3-шағын аудандардың тұрғындарымен кездесу өтті, осының барысында депутаттар К.Х. Мухамадиева, А.Л. Кан және С.С. Старков есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Кездесуде тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды: тұрғын үй кезегіне тұру; аула аумақтарын және автотұрақты абаттандыру; жолдар мен жаяужолдардың жай-күйі; ТҮКШ және басқарушы компаниялардың жұмысы; жарықтандыру, қауіпсіздік, балалар ойын алаңдарын орнату мен күтіп ұстау және басқалар. Тұрғындар тарапынан түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер жұмысқа алынды.
Электр және су есептегіштерін ауыстыру мәселесі бойынша «ӨШБ» инженері, депутат А.В. Сенчев түсініктеме берді. Деректерді қашықтан беру мүмкіндігі бар есептегіш құралдарын орнату (ауыстыру) келесі жағдайларда қажет: құралдың пайдалану мерзімі аяқталса (12 жыл), есептегіш құралы істен шықса, сонымен қатар мемлекеттік тексеруден өтпеген жағдайда.
Сондай-ақ есеп беру кездесуінде Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы А.Н. Кульжанов сөз сөйлеп, тұрғындарды қылмыстық ахуал туралы хабардар етті және алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері туралы айтып берді. Полиция бөлімі бастығының орынбасары А.В. Пилипенко тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, алаяқтық әрекеттердің алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндірмелер берді.
Кездесуге қатысып, белсенділік танытқан және шағын аудан тағдырына бей-жай қарамаған барлық тұрғындарға алғыс айтамыз. Шағын аудандарымызды дамыту мәселелерін тек тұрғындармен ашық диалог орнату арқылы ғана тиімді шешуге болады.