Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Октябрь кентінің бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Кент әкімі Е.Бектанов бюджетті түзету қалалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің сомасын нақтылаумен байланысты екенін атап өтті. Қосымша қаражат (1500,1 мың теңге) порталдағы мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және көшедегі электр энергиясын нақты тұтынуды азайту есебінен түсті. Үнемделген қаражат тіркеушіні ретке келтіруге және орнатуға, сондай-ақ кенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеті бейнебақылау камерасын ретке келтіруге бағытталатын болады.
Сонымен қатар, бір мүшенің шығып қалуына байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.
Депутаттар ұсынылған сұрақтарды бірауыздан қолдады.