Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы: қала бюджеті түзетілді

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы: қала бюджеті түзетілді

        Бүгін депутаттар қаланың 2025 жылға арналған бюджетін нақтылау мәселесін қарастырды.

        С. Ерофееваның мәліметі бойынша, бюджетті түзету жоғары тұрған бюджеттерден мақсатты трансферттердің көлемінің 5 млн. 800,9 мың теңгеге азаюы және нақты әрі болжамды көрсеткіштерді ескере отырып үнемделген қаражатты қайта бөлуіне байланысты.

       Қаражатты пайдаланудың басым бағыты қалалық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл инфрақұрылымның қауіпсіздігіне кепілдік беруге, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге және әлеуметтік және мәдени салалардың жоспарлы дамуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

       Бұдан басқа, сессияда қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамына өзгерістер бекітілді.

        Депутаттар шешімді бірауыздан қабылдады.