Лисаков қалалық мәслихаты маңызды шешімдер қабылдады

Лисаков қалалық мәслихаты маңызды шешімдер қабылдады

          20 қарашада  Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляциямен өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 9 мәселе қаралды.

          Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Д. Алматов түсіндіргендей, түзетулер тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін жаңартылған Қағидаларға сәйкестендіруге, оның ішінде есептеудің жаңа механизмі мен коммуналдық қызметтердің нақтыланған нормативтерін сәйкес келтіруге бағытталған. Бұл мұқтаж отбасыларға көрсетілетін қолдаудың көлемін неғұрлым ашық және нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол 2025 жылы тұрғын үй көмегіне 17 миллион теңге бөлінгенін, бұл 463 отбасына қолдау көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.

            Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасын төмендету мәселесіне қатысты, 12 қарашада Мемлекеттік кірістер департаменті, атқарушы органдар, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен уақытша комиссияның, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өткені атап өтілді.

            Талқылау қорытындысы бойынша және ұсыныстарды, әкімнің оң қорытындысын және мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулысын ескере отырып, депутаттар ставканы 4%-дан 3%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

            Сонымен қатар, мәслихаттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне қатысты бірқатар шешімдерінің күші жойылып, бұрынғы шешімдердің күші жойылды деп танылды. Бұдан бөлек, шығып қалған мүшелердің орнына сайлау округтері мен учаскелерінің комиссияларының құрамына және қала әкімдігі жанындағы консультативтік кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізілді.

            Барлық өзгерістерді депутаттар бірауыздан қабылдады.