
12 қараша күні сағат 15:00 Лисаков қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Лисаков қалалық мәслихатының «Лисаков қаласы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің жобасы бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында Лисаков қаласы Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Д.Молдамұратова сөз сөйлеп, қойылған сұрақтарға жауап берді, Отырыс қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен жобаны мәслихат сессиясында қарау үшін жіберу туралы шешім қабылданды.