Кеңейтілген отырыс

Кеңейтілген отырыс

        «Лисаков қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселе бойынша уақытша комиссияның, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

        Отырыстың жұмысына қала әкімінің орынбасары, жеке кәсіпкерлер, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

        Отырыс барысында қаралып жатқан мәселе бойынша барлық мүдделі тұлғалардың пікірлері тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша уақытша комиссия мүшелері қала кәсіпкерлері үшін салық жүктемесін азайтуға қатысты оң қорытынды берді.

        Қоғамдық кеңес мәслихат депутаттарына тиісті қаулы жобасын бекітуді ұсынды.

       Дауыс беру қорытындысы бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері көпшілік дауыспен Лисаков қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасын 4 %-дан 3 %-ға дейін төмендету туралы қаулы қабылдады.