Лисаков қаласында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Лисаков қаласында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

         Басты мәселе қала бюджетін нақтылау болды. С.Ерофеева атап өткендей, түзету облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің 5,8 млн теңгеге төмендеуімен, үнемделген қаражатты қайта бөлуге, нақты және болжамды көрсеткіштерді ескере отырып, бюджеттің кіріс бөлігін нақтылауға байланысты.

         Қаражатты қайта бөлу қалалық қызметтердің тұрақты жұмыс істеуіне, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықтың осал топтарына қолдау көрсетуге, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

         Сондай-ақ сессияда Үлгілік әдістеменің жаңартылуына байланысты Мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың жаңа Әдістемесі бекітілді; әкімдік пен консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізілді.

           Барлық шешімдерді депутаттар бірауыздан қабылдады.