Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Лисаков қалалық мәслихаты шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер бойынша ұсыныстар қабылдауды жариялайды:
№№ 1, 5, 10 аудандық сайлау комиссиялар бойынша,
№№ 112, 116,119, 120, 121 учаскелік сайлау комиссиялар бойынша.
Ұсыныстар саяси партиялардан 15 күн ішінде қабылданады, саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, ұсыныстар өзге қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан қабылданады.
Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша өтеді: Лисаков қ., Мир көшесі, 31, №16 кабинет, телефон 34381.