Лисаков өңірлік архивінің қызметкерлерімен кездесу

Лисаков өңірлік архивінің қызметкерлерімен кездесу

     Бүгін Лисаков өңірлік архивінің қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының мазмұны түсіндірілді.

     Талқылау барысында Кульзада Хамитовна Жолдауда цифрландыру және жасанды интеллектті белсенді енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Бұл бағыттар экономика мен кәсіпкерліктен бастап көліктік логистика, мәдениет пен өнерге дейінгі барлық саланы жаңғыртудың негізгі құралдары ретінде айқындалған. Сондай-ақ, бұл бағыттар бойынша Жолдауда мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар – цифрлық платформаларды дамытуды қамтамасыз ету, әртүрлі салаларда ЖИ қолдануды кеңейту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту туралы айтылған.

      Бұл экономиканы тиімді трансформациялауға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың заманауи технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге жағдай жасайды.