Жаңа оқу жылы қарсаңында мәслихат депутаттары мәслихат аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға атаулы көмек көрсетуге бағытталған.
Акция аясында мәслихат депутаттары А. Г. Аман, С.С. Старков, сондай — ақ қалалық мәслихатының қызметкерлері көп балалы отбасына – «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушының ата-аналасына ақшалай қаражат табыс етті.
Мұндай бастамалар ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетуге ықпал етеді.