Бүгін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда Лисаков қаласының аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың жай-күйі мен Лисаков қалалық полиция бөлімінің қала тұрғындарымен және жұртшылығымен өзара іс-қимылы туралы мәселелері талқыланды.
Лисаков қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.В. Пилипенко екі мәселе бойынша баяндама жасады.
Депутаттар полиция бөлімі құқық тәртібін қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру және қылмыс саласындағы өзекті сын-қатерлерге ден қою бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатқанын. Қылмысты азайту, қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жақсарту және халықтың осал топтарын қорғау бойынша шаралар қабылдануданып жатқаның атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің халықпен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру үшін сенімді нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алуды жақсарту және ойын-сауық орындары мен алкогольдік ішімдіктерді сататын сауда орындарының жұмыс уақытына қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет. Ақпараттық-ағарту жұмыстарын дамыту және тәртіпті сақтауға жұртшылықтың қатысуы маңызды болып қала береді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері ұсыныстар енгізіп, тиісті қаулылар қабылдады.