Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Қала күні, ҚБРУ-ның 75 жылдығы және металлургтердің кәсіби мерекесі қарсаңында қала әкімі А.С. Ибраевтың ұсынысымен мәслихат депутаттары– «QAZAQMETAL KASIPODAGY» Қазақстан өнеркәсібі тау-кен металлургия саласының кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Қазақстан алюминийі» Краснооктябрь боксит кен басқармасы жұмысшылары кәсіподақ ұйымының төрағасы Пахомов Игорь Евгеньевичке - қаланың әлеуметтік дамуына қосқан маңызды үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы, жоғары біліктілігі, кәсіпқойлығы мен жауапкершілігі үшін «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағын берді. Игорь Евгеньевичті осы жоғары мәртебемен құттықтап, қызметіне одан әрі табыс тілейміз!