Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

        Бүгін Лисаков қаласы мен Октябрь кентінің бюджетін нақтылау бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. 

        С.Ерофеева бюджетті нақтылау жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттер сомасын нақтылаумен, сондай-ақ бірінші кезектегі мәселелерді шешу үшін үнемдеу қаражатын қайта бөлумен байланысты екенін түсіндірді.

       Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген Лисаков қаласы бойынша нысаналы трансферттер нақтыланды.  

       Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес қаражатты үнемдеу қаланың тұрғын үй - коммуналдық саласын жақсартуға, маршруттарды субсидиялауға, қала аумағында орнатылған балалар ойын және спорт алаңдарына қызмет көрсетуге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты – «Инватакси» автокөлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және басқа да ағымдағы шығыстарды ұлғайтуға бағытталған.

       Лисаков қаласы Октябрь кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін нақтылау 2024 жылдың қорытындысы бойынша Октябрь кенттік бюджетінің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықты бөлуге байланысты.

       «Октябрь кенті әкімінің аппараты» ММ түскен өтінішке сәйкес қалған қаражат тир ғимараты үшін айналар мен жиһаздарды дайындауға, көшедегі жұмыс істемейтін бейнебақылау камераларын диагностикалауға және веб-камера сатып алуға бөлінетін болады.

       Бұдан басқа әкімдіктің құрамына өзгерістер енгізілді.

       Депутаттар бұл өзгерістерді бірауыздан қолдады.