Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу барысын түсіндіру

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу барысын түсіндіру

         Лисаков қалалық мәслихатының депутаты А.В. Сенчев «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКҚ ӨШБ ұжымы арасында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу барысын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

         1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында өтінімдерді қабылдау басталады, ол 30 маусымға дейін жалғасады.  Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

          Кездесуде іріктеудің негізгі аспектілері, конкурс процесінің кезеңдері және қатысушылардың алдында ашылатын мүмкіндіктер талқыланды. А.Сенчев Президенттік жастар кадрлық резерві жастарға өзін-өзі көрсетуге, мемлекеттік құрылымдарда тәжірибе жинақтап, өңірдің дамуына үлес қосуға бірегей мүмкіндік беретінін баса айтты.

         А.В. Сенчев жастарды іріктеуге белсене қатысуға және мансаптық өсу мен кәсіби даму үшін берілген мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

#elgeqyzmet_qostanai