Лисаков қалалық мәслихатының депутаты Г.К. Найзабаева «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ ұжымы арасында төртінші Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында іріктеу талантты, бастамашыл, креативті жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталғанын атап өтті.
1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында өтінімдерді қабылдау басталады, ол 30 маусымға дейін жалғасады. Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Биыл іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Қабылдау күнінен бастап үш жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тікелей тағайындалуы мүмкін.
Төртінші іріктеу әр кезеңде пропорционалды іріктеу жүргізумен ерекшеленеді, яғни резервтің әрбір салалық бағыты бойынша квоталар көзделетін болады.
Г. Найзабаева ұжымды іріктеуге қатысу мүмкіндігі туралы белсенді түрде хабардар етуге шақырды және мемлекет мүддесіне қызмет еткісі келетін жастарды осы маңызды процеске қатысуға шақырады.
#elgeqyzmet_qostanai