Лисаков техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттерімен азаматтарды президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша кездесу өткіздік. Кездесу барысында аппарат басшысы Бибигуль Исембулатова Президенттік кадр резерві мансаптық өсу мен басқару мәдениетін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер ашатынын атап өтті, өтінімдерді қабылдау жөніндегі науқанның басталуы, қатысу шарттары мен іріктеу критерийлері туралы айтты.
Қатысушылар 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл ҚР азаматтары бола алады.
Іріктеу 6 кезеңде өтеді:
Кандидаттардың құжаттарын беру;
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
Ситуациялық есептерді шешу;
Құзыреттілікті бағалау;
Резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.
Б. Исембулатова ел дамуына үлес қосқысы келетін жас азаматтарды іріктеуге белсенді қатысуға шақырды.