Президенттік жастар кадрлық резерві

Президенттік жастар кадрлық резерві

          Лисаков қалалық мәслихатының депутаттары мен мем. мекемелердің басшыларымен төртінші Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау туралы ақпараттандыру мәселесі бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында қалалық мәслихат аппаратының басшысы Бибигуль Исембулатова іріктеу талантты, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тартуға бағытталғанын атап өтті.

          Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

          Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер іріктеледі. Қабылдау күнінен бастап үш жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей-ақ әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тікелей тағайындалуы мүмкін. Іріктеуге қатысуға өтінімді сайтта 1-30 маусым аралығында беруге болады pkrezerv.gov.kz.

        Төртінші іріктеудің ерекшелігі әр бағыт бойынша кандидаттардың біркелкі санын қамтамасыз ету мақсатында әр кезеңде пропорционалды іріктеу жүргізу болып табылады. Яғни, резервтің әрбір салалық бағыты бойынша квоталар көзделетін болады.

         Б. Исембулатова депутаттарға осы мәселе бойынша өз ұжымдарында сөз сөйлеуге жүгінді және ел мүддесіне адал қызмет еткісі келетін жастарды президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға шақырды.

#elgeqyzmet_qostanai