VIII шақырылымдағы Лисаков қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 16 қазанда сағат 15.00-де әкімдіктің конференц-залында Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн трансляциямен өтеді.
Күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 139 «Лисаков қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы.
- Лисаков қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістерді келісу туралы.
- Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.