Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті

30 сәуір күні облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен өткен тұрақты комиссияның көшпелі отырысында «Облыстағы құқық қорғау органдарының жағдайы мен мәселелерін талқылау» туралы мәселе қаралды.

Көшпелі отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, облыстық полиция департаментінің басшысы С. Ергешов, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік мекеме басшыларының орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай өңіріміздегі құқық қорғау органдарының қызметі, қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны нығайту, цифрландыру жұмыстары айтылды.

Айта кетсек, аталған мәселеге сәйкес негізгі баяндамаларды облыстық мәслихат депутаты Ә. Шаймағамбетов және полиция департаменті басшысының орынбасарлары С.Ибадуллаұлы мен С.Туляпов жасады.

Баяндамадан соң, көшпелі отырысқа қатысушылар өзара ой-пікір алмасып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Сондай-ақ, комиссия төрағасы Балжан Шәменова құқық қорғау органдарының өңірдегі тыныштық пен тәртіпті сақтаудағы еңбегіне алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.