
11 сәуір күні облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 21 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкiмiнің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық және аумақтық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты. Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жиын барысында билік пен халық арасында дәнекер болып, елдік мәселелерді қозғап, іргелі істердің орындалуына ықпал етіп жүрген депутаттардың алдағы уақытта да Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерлерін аянбай жұмсай беретіндігіне сенімін білдірді. Сондай-ақ, мәслихатта атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
Айта кетсек, сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, күн тәртібіне шығарылған 7 мәселенің барлығы өзара талқыланып, депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.