Ел дамуына еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

Ел дамуына еңбек сіңірген азаматтар марапатталды

17 тамыз күні  Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы Қазақстан Парламентінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды.

Шарада облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен марапатталды.